Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Атырауда мектеп салып жатқан құрылысшылар жалақысын талап етті

AstanaTV
08.02.2021ж. 20:00
1897
Атырауда мектеп салып жатқан құрылысшылар жалақысын талап етті

Атырауда мектеп құрылысын салып жатқан жұмысшылар, жалақыларын талап етті. Айтуларынша, мердігер мекеме былтырғы жылдың соңғы айының жалақысын бермеген. Тіпті 8 ай бойы зейнетақы мен медициналық сақтандыру қоры төлемдерін аудармаған. "Бас ауырып, балтыр сыздаса", мемлекеттік емханалар есігінен де сығалатпайды,-дейді олар. Жергілікті тұрғындар Аманкелді ауылындағы 300 орындық орта мектептің құрылысына тартылған. Нысан былтыр тапсырылуы тиіс болған еді, түрлі себептермен кейінге шегерілген. Мердігер мекеме жергілікті құрылысшыларға, жылдың аяғында жұмыстан қысқарту туралы мөрсіз тілдей қағаз ұстатыпты.

Асхат БАЛБАЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Офиқа бардық, қысқарту деді. Мөр де соқпаған. Өтірік қағаз берген де жіберген. Биржа айтсам. «Мына қағазды қай жерге апарсаң да өткізе алмайсың», - деді маған. Біз семьямызды асырау керекпіз. Кредит төлеуіміз керек қой. Бізде ақша жоқ. Дым жоқ. Не істесеңдер де өздеріңіз біліңдер деген әңгіме айтты.

Алмагүл АМАНҒАЛИЕВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

1 млн ақша бар. Мен қосалқы мердігермін. Маған ақшаны төлеу керек бұлар. Төленген жоқ осы күнге дейін. Жұмысшылар мені қыспаққа алып жатыр. Ақша қайда, ақша қашан бересің, үстіңнен прокурорға жазамыз дейді. Мен тапсырыс берушіге телефон соғамын. Соқсам көтермейді.


Басы дауға қалған құрылыс компаниясы Атырау қаласында тіркелмеген. Сондықтан талаптарын айтып, жиналғандарға олар қара көрсетпеді. Ал тапсырыс беруші - облыстық құрылыс басқармасы басшылығы мекемеге ешқандай қарызымыз жоқ,- деп отыр. Дегенмен, мердігер мекеменің еңбекақыны осы аптадан қалдырмай төлеуін бақылауда ұстайтынын айтып, уәде берді.

Мерей ЖАНТӨРЕЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Себебі шоттары бұғаттаулы болған. Қазіргі уақытта мекеме басшыларымен сөйлестік қаражатты осы аптаның ішінде тауып барлығына береді еңбекақысын төлеп береді. Мердігер бар екен олардың да ақшаларын төлеп бір аптаның ішінде толығымен төлеп барлығын өз ретімен келтіреді.


Б. Надирқызы