Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Нұр-Сұлтанда эпидемиолигялық жағдай нашарлай түсті

AstanaTV
08.02.2021ж. 20:00
2633
Нұр-Сұлтанда эпидемиолигялық жағдай нашарлай түсті

Нұр-Сұлтанда эпидемиолигялық жағдай нашарлай түсті. Сөйтіп, қайтадан COVID-19-ды бағалау матрицасының "қызыл" аймағына оралды. Пандемия басталғалы бас қалада індет жұқтырудың 23 мыңнан аса жағдайы тіркелген. Республика бойынша да ең көп науқас - осында. Сонымен бірге, коронавирустың қауіпті картасында Ақмола мен Павлодар облыстары да бар. Айта кетсем, елде өткен тәулікте кеселге шалдығудың мыңнан аса дерегі анықталды. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бүгінде инфекциядан 27 мыңдай адам емделуде.

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ:


Ауруханаларда коронавирус жұқтырған 5804 адам ем қабылдап жатыр. Науқастардың арасында 268 емделушінің жағдайы ауыр, 49-ының өмірі қыл үстінді. Сондай-ақ, сырқаттардың 42-сі өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған. Бұдан бөлек, кеселден өткен тәулікте 6 адам көз жұмды. Былтырдан бері тіркелген өлім дерегі 2601-ге жетіп отыр.

А. Данияр