Алматылық бизнесмен аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға көмек көрсету челленджін бастады. Қалалық мәслихаттың депутаты Ерболат Қасымов, кәсіпкерлерді жағдайы төмен бір отбасын қолдауға шақырады. Яғни патронаттыққа алып, болашақта мұқтаждар санатынан шығаруды мақсат етеді. Бизнесмендер бұл идеяны қолдап, шетте қалмайтындарын жеткізді. Толығырақ, келесі бейнематериалда.
Кәріпжановтар отбасында 7 бала бар. Пандемия басталғалы қаржы проблемасы пайда болған. Ерлі-зайыпты қиын-қыстау сәтте, алматылық кәсіпкердің қол ұшін бергенін айтады.
Аманғазы КӘРІПЖАН, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Ерболат Қасымов басқарған. Сол кісілердің арқасында, мысалы бала-шағамыз қазір енді жақсы жадырап, өздерін туысын көргендей болып қалады, ол кісілер жиі – жиі келген кезде. Үлкен кризиске ұшыраған кездер болды. Сол кездерде, мысалы осы кісілер көп көмектесті. Азық-түлік, тамақпен де.
Мәслихат депутаты, нұротандық Ерболат Қасымов, бұл отбасынан бөлек екі жыл бұрын 6 отбасын патронаттыққа алған. Сол кезде оларды мұқтаждардың санатынын шығаруды алдына мақсат етіпті. Бүгінде сол мақсаты жүзеге асып, 3 отбасы қазір өз ісін бастағанын.
Ерболат ҚАСЫМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Өзімде 6 патронаттық жанұя болған. Бүгін 3 жанұяны сол патронаттан шығардық. Мақсатымыз – сол жанұяларды сұрайтын семьядан беретін семьяға айландыру. Мақсатымыз сол.
Мұндай игі бастаманы өзге кәсіпкерлер де қолдап жатыр. Демек әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көбірек көмектесу мүмкіндігі туып отыр.
Александр ВЕСЁЛЫЙ, КӘСІПКЕР:
Ерболат Қасымовтың бастаған челенджі біз үшін үлгі болды. Сондықтан мен де көмек көрсету туралы шешім қабылдадым. Қазір бір отбасыға жәрдемдесу жоспарда. Алдағы уақытта отбасында барлығы жақсы болады деген ойдамыз.
Бастаманы қолдап жатқан алматылық кәсіпкерлердің саны артып келеді. Сондай-ақ игі іске атсалысу үшін бизнесмен болу да міндетті емес.
Ә. Өмірзақ