Алматыда
тоңазытқыштан табылған екі баланың мәйітіне қатысты ақпаратты пәтер иесінің
көршілері растады. Қалалық ішкі істер департаменті бұл оқиғаға қатысты ресми
түсініктеме берген жоқ.
Түрксіб
ауданындағы Сауранбаев көшесінде орналасқан пәтердің есігі мөрленген. Ал
кіреберісте криминалдық полиция қызметкерлері пайдаланатын саусақ іздерін
анықтауға арналған ұнтақтардың ізі көрінеді. Көршілердің айтуынша, пәтерден
бірнеше күн бойы жағымсыз иіс шығып тұрған. Олар баспананы әйел адам үш
баласымен жалдап тұрғанын айтады. Мүңкіген иістен сезіктеніп, полиция шақырған
көршілер тоңазытқыштың тоққа қосылмай тұрғанын байқаған.
Советбек, Алматы қаласының тұрғыны:
Холодильник теріс тұр, үстінде сотка тұр. Қан ағып жатқан соң, ет пе деп ойладық, қарасақ, кішкентай балалардың денесі болып шықты.
Алматылық
полицейлер қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Өзбекстан азаматын ұстады,
балалардың анасы да табылды, деп хабарлайды Интерфакс Қазақстан. 29 жастағы
күдікті, марқұм болған сәбилердің анасымен бірге тұрған. Қазір тергеу-тексеру
жұмыстары басталыпты. Күдікті жауап алу кезінде жасаған қылмысын мойындаған,
сондай-ақ, әйелден де жауап алынуда.