Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Таразда канал жиегін тазалау кезінде өлген адамның денесі табылды

AstanaTV
10.02.2021ж. 20:00
3725
Таразда канал жиегін тазалау кезінде өлген адамның денесі табылды

Таразда қапқа салынған адамның сүйектері табылды. Мәйіт ер адам ба, әйел адам ба ол жағы белгісіз.

Адам қаңқасын Жасыл ел-Тараз мекемесінің қызметкерлері тапқан. Олар екі мөлтек ауданды бөліп тұратын, су каналының жағасындағы қамысты орып, қоқыстан тазалаған. Сол кезде жерге көмілген қапты алып шыққан. Бірден полиция шақыртыпты. Айтуларынша мәйіттің тек сүйегі ғана қалған. Соған қарағанда, марқұм бірнеше жыл бұрын өлтірілген болуы мүмкін деген болжам бар.

Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Бұл дерекке қатысты Тараз қаласының полиция басқармасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі басталып, табылған мәйіт сүйектерінің қалдықтарына сот медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта оның жеке басын анықтау мақсатында жедел іздестіру іс –шаралары жүргізілуде.