$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Алдағы 5 жылда бір миллионға жуық отбасы баспанамен қамтылады - А. Мамин

AstanaTV
12.02.2021ж. 20:00
1278
Алдағы 5 жылда бір миллионға жуық отбасы баспанамен қамтылады - А. Мамин

Алдағы 5 жылда 1 миллионға жуық отбасы баспанамен қамтылмақ. Оның ішінде 284 мың пәтер жеңілдетілген әлеуметтік тұрғын үй ретінде беріледі. Бүгін Мәжілістегі "Nur Otan" фракциясының кеңейтілген отырысында, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды. Үкімет басшысы Асқар Мамин құрылыстан бөлек, әлеуметтік жағдайды жақсарту мәселелеріне де тоқталды. Оның айтуынша, 2023 жылы жаңа әлеуметтік кодекс күшіне енеді. Онда өңірлерді дамыту, гендерлік мұқтаждықтар мен қажеттіліктер картасы енгізілетін болады. Премьер-министр сондай-ақ білім саласын айтарлықтай өзгерістер күтіп тұрғанын жеткізді.

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:


3 пен 6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен толық қамтамасыз етіледі. Апатты жағдайдағы және 3 ауысымды мектеп мәселесін шешу үшін 800 мектеп салынады.

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы негізінде дайындалған «Жол картасында» нақты индикаторланған 360-тан астам іс-шара қарастырылған. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин сайлау алдындағы міндеттемелердің орындалуын бақылауға көп көңіл бөлінетінін атап өтті. Жұмыстың жүйелілігін күшейту үшін мемлекеттік органдардың барлық өкілдері жұмылдырылады деп отыр.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл «Жол картасы» – әрбір облысты, әрбір ауданды әрбір ауылды және барлық халықты қамтиды және алға қойған міндеттерді, ашық, сапалы, тиімді орындауға кең жол ашады. Себебі, онда Партиямыздың Төрағасы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік сұрақтарды шешудің нақты шаралары көрсетілді.

Ғ.Өтемісов