Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Оралда нұротандықтар өңірлік жол картасын бекітті

AstanaTV
15.02.2021ж. 20:00
1728
Оралда нұротандықтар өңірлік жол картасын бекітті

Оралдағы нұротандықтар өңірлік жол картасын бекітті. Мұнда Батыс Қазақстан облысының 136 елді-мекеніндегі сумен қамту нысандарын реттеу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жол салу, мектептер мен балабақша құрылысы көрсетілген. Онлайн форматқа көшкен нұротандықтар интернеттің жылдамдығын арттыру мәселесін де ұмыт қалдырмапты. Шешімін күткен бұл істер сайлау қарсаңында жергілікті халықтан жиналған ұсыныстар мен өтініштерден екшеліп алынған. Жалпы партияның сайлауалды бағдарламасында Батыс Қазақстан облысын дамытудың 7 басым бағыты айқындалыпты.

Хамидолла ИРМЕНОВ, БҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Облысқа, қалаға дәрігерлер жетпей жатыр. Алла қосса, Ақтөбе қаласына, Алматы қаласына барып, сол жақтан оқу бітіріп жатқан балалармен жұмыстанып, сол жақтан бері қарай тартуға біздің облысымызға. Аудандарға барған жас мамандарға міндетті түрде көмек беріледі, үй мәселесі шешіледі. Енді қалаға келген балаларға да міндетті түрде көмек көрсетіледі.

Жол картасы жүктеген жауапты міндеттердің орындалуына мәслихат депутаттары да ат салысады. Яғни әрбір депутатқа өз саласы бойынша атқаратын жұмыстар тапсырылып, облыстық басқармалармен бірге жұмыс істеу жүктелді. Атқарушы органдармен тығыз байланыс орнатқан олар әр тоқсан сайын қандай шаруа тындырылғаны туралы есеп береді. Мұның бәрі отандастарымыздың тұрмысын жақсарту мақсатында қолға алынып отыр, дейді нұротандықтар.

Мұрат МҰҚАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Сайлауалды бағдарламамыздың жүзеге асырылуы осы жол картасымен тығыз, толық байланысты. Сондықтан халықтың аманаты, сайлау кезіндегі әр ауыл, қала, елді-мекен тұрғындарынан түскен аманаттардың 40 пайызы егер де осы сайлауалды бағдарламаға енген болса, ары қарай оны нақты жүзеге асыру барысы біздің назарымызда болады.

Е. Карин