Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Түркістан облысында оқ атқандар ұсталды

AstanaTV
15.02.2021ж. 20:00
1921
Түркістан облысында оқ атқандар ұсталды

Түркістан облысында бұзақылар көкпар ойыны кезінде қарудан оқ атқан. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше карантин талаптарын бұзып, ұлттық ойынды қыздырып жатқандарды учаскелік инспектор таратпақ болған. Сол сәтте топ ішінен белгісіз тұлғалар шолақ мылтықтан аспанға оқ атып, артынша автокөліктеріне мініп, бірден бой тасалапты. Төрт күдікті мінген көлік Қазығұрт ауданының орталығындағы көшелердің бірінен тоқтатылды. Тексеру кезінде олардың сөмкесінен 16 калибрлі  шолақ мылтық, оқ-дәрілерімен алынған. Полиция ұсталғандардың үйін тінту кезінде де бірнеше қару табылғанын мәлім етті.

Сұлтанбек ҮСІПБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Екі травматикалық тапанша және бір ұңғылы тіркелмеген заңсыз қару тәркіленіп алынды. Аталған азаматтардың одан алдын Қазығұрттағы орын алған «бұзақылық» дерегі дәлелденіп, қазіргі таңда төрт тұлға қамауға алынды.

     
Қазір полиция «Бұзақылық» және «Қаруды заңсыз сақтау және алып жүру» баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, күдіктілердің  қаруды қайдан алғаны, сонымен қоса басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексереді.

А. Төребекқызы