Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Айыппұлы көліктің құнынан асып кеткен

AstanaTV
15.02.2021ж. 20:00
1810
Айыппұлы көліктің құнынан асып кеткен

Қызылордада айыппұлы, көлігінің құнынан бірнеше есеге асып түскен автокөлік анықталды. Мұндай жағдай аймақта алғаш рет тіркеліп тұр. «ВАЗ ЛАДА» маркалы автокөліктің айып алаңына қамалғанына төрт күн болған. Оның егесі сегіз айда 181 рет жылдамдық асырыпты. Қазіргі таңда полицияға миллиондарды арқалаған жүргізушіні анықтау қиынға соғуда. Себебі шетелдік көліктің ешбір құжаты жоқ.

Айбек ЖҮНІСҚҰЛОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПРАКТИКА БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Ресей Федерациясында тіркелген «ВАЗ-21-07» автокөлігі «Арқан» жылдамдық өлшеуіш құралына 181 мәрте әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды. 181 мәрте түсіп 3 млн 591 мың 265 теңгеге айыппұл салынған. Бірақ барлығын кім жасағаны қазіргі таңда белгісіз.


М. Тоқтасынқызы