Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Коронавирустың британдық штаммы, балалар мен жасөспірімдер үшін аса қауіпті, - педиатр

Коронавирустың британдық штаммы, балалар мен жасөспірімдер үшін аса қауіпті, - педиатр

Коронавирустың британдық штаммы балалар мен жасөспірімдер үшін аса қауіпті. Словакия елінің бас педиатры осылай деп дабыл қақты. Оның айтуынша, жас пациенттерде вирустың бұл штаммы бөртпе ретінде, сондай-ақ аяқ-қолдың ісінуімен байқалады. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың бірнеше түрі бар дейді. Мәселен 2019 жылдың аяғында Уханьда 13 түрі болған. Ковидтен бөлек Эбола індеті де қазір әлем қауымдастығын алаңдатуда. Бірнеше жыл бұрын біраз адамның өмірін жалмаған вирустың бүгінгі қаупі жайлы келесі бейнематериалда.

Коронавирустың құрбанына айналғандар арасында егде жастағылар аз емес. Бүгінгі күні де эпидемиологтар 60 жастан асқандарды сақ болуға шақырады. Енді Британияда пайда болған вирустың шаңа штаммы балалар мен жасөспірімдер үшін аса қауіпті екен. Бұл туралы Словакияның бас педиатры мәлімдеді. Ауруханаға жеткізілген балалардың көбінде бөртпе, сондай-ақ аяқ-қолдың ісінуі байқалады. Бұл дәл осы британдық коронавирустың белгісі дейді, ақ халаттылар.

Элена ПРОКОПОВА, СЛОВАКИЯНЫҢ БАС ПЕДИАТРЫ:

Пандемияның алғашқы толқынында, қытайлық штам балалар мен жасөспірімдер үшін, қазіргі Британдық штамға қарағанда аса қауіпті болған жоқ. Дене температурасы 38 градустан жоғары, алақаны мен аяғында бөртпе, ісіну - бірінші толқын кезінде де тіркелді. Бірақ бұл COVID-19-дан кейін болған асқыну екенін енді түсіндік.

Ал Калифорнияда тіркелген вирустың түріне келсек, дәрігерлер оның таралу, жұғу қаупі жоғары дегенді айтып отыр. Сондықтан штат билігі желтоқсанда карантин шараларын күшейтуге мәжбүр болды.

Жасмин ПЛАММЕР, СEDARC-SINAI МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жұқтырғандарда ауыр симптомдар пайда болады. Барлық вирус секілді бұл да мүмкіндігінше көп адамға жұқтыруға тырысады.

Бүгінгі күні COVID-19-дың штамдары қанша екені белгісіз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Уханьдағы зерттеулер кезінде 10-нан астам түрін анықтаған.

Питер БЕН ЭМБАРЕК, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Біз желтоқсан айында вирустың қалай адам бойына енгенін білмейміз. Белгілісі осы айдың өзінде жұқтырғандар саны аз болмағаны.


Британдық штамм 80 елде табылды. Ал Қазақстанда ресми тіркелді деген ақпарат жоқ. Ресейлік дәрігерлер штаммның бұл түрін анықтайын алғашқы тестті жасап шығарды. Әлем коронавируспен алысып жүргенде Гвинеяда 2016 жылдан кейін алғаш рет Эбола вирусы қайта тіркелді. Бүгінде 4 адам көз жұмды.  

Ә. Өмірзақ