Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қылмыстық топтардың іс-әрекетін бесігінде тұншықтыру қажет - Қ.Тоқаев

AstanaTV
15.02.2021ж. 20:00
1627
Қылмыстық топтардың іс-әрекетін бесігінде тұншықтыру қажет - Қ.Тоқаев

Прокуратура азаматтардың өтініштеріне әділ жауап беруі қажет. Әрбір арыздың артында адам тағдыры, мыңдаған халықтың мүддесі тұр. Бүгін Бас прокуратурамен кеңес өткізген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында құқықтық нормалардың да енгізілгенін айтты. Бұдан бөлек бақылаушы орган түрлі әлеуметтік қақтығыстардың алдын-алу шараларын қабылдауы керектігін ескертті.  Сондай-ақ уақытылы төленбейтін жалақы, заңсыз қысқартулар және еңбек қатынастарындағы басқа да түйіткілдерді дер кезінде анықтап, жолын кесу керектігін атап өтті.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Негізгі процессуалдық шешімдердің барлығы прокурорлық сүзгіден өтуі тиіс. Бұл өте маңызды іс. Бірде бір заң бұзу дерегі назардан тыс қалмауы қажет.  Алдымызда тұрған міндеттер өте ауқымды. Әрбір қадамды алдымен азаматтардың мүддесі тұрғысынан жасауға тиіспіз.


Кеңес отырысында Мемлекет басшысы арыз-шағымдарға арналған бірыңғай платформаны уақытылы іске қосуды тапсырды. Бұл арқылы елдегі кримогендік ахуалды оңтайлы реттей аламыз деп отыр. Сонымен қатар Президент азаматтар мен кәсіпкерлердің құқығын мүлтіксіз қорғауға күш бөлу керек,-деді. Мәселен, өткен 10 жыл ішінде мемлекеттің бизнесті қолдау жұмыстарының арқасында кәсіпкерлерді тексеру 3 есеге азайды. Қасым-Жомарт Тоқаев енгізілген мораторийға қарамастан, заңсыз тексерулер азаймай отырғанын айтты. Ол прокуратураға мұндай келеңсіздіктердің алдын-алуды жүктеді.

Ғ.Өтемісов