$523.58 €549.71 ₽5.01
×

СҚО ер адам үй ішінде мылтықтан оқ атқан

AstanaTV
16.02.2021ж. 20:00
1999
СҚО ер адам үй ішінде мылтықтан оқ атқан

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам өз үйінің ішінде мылтықтан оқ атып, отбасын аяғынан тұрғызған. Бұл келеңсіздік Тайынша қаласында болды. 26 жастағы жігіт отбасылық жанжал кезінде, 16-шы калибрлі мылтықтан үш рет оқ атқан атыпты. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Жүрегі аузына тығылған отбасы мүшелері бірден полицейлерді шақыртқан. Бірақ тәртіп сақшылары келген кезде, отағасы ізін суытып үлгерген. Араға бірнеше сағат салып, полицейлер оны қала көшелерінің бірінде ұстады. Қазір бұзақы қамауға алынып, іс қозғалды. Айта кету керек, мылтық ешқайда тіркеуде тұрмағаны белгілі болды.

Қайрат ҚАСЕНОВ, СҚО ПД ТАЙЫНША АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл факті ҚР ҚК 293 бабы 3 бөлігі бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеп тексерілудің біріңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғастырылуда.


А. Құрманкин