$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жапонияда 7 балдық жер сілкінісінен 1700 үй қирады

AstanaTV
17.02.2021ж. 20:00
2872
Жапонияда 7 балдық жер сілкінісінен 1700 үй қирады

Жапонияда 7 балдық жер сілкінісі салдарынан 1700 үй қирады. Бүлінген баспаналардың басым бөлігі Фукусима префектурасында орналасқан. Абырой болғанда табиғи апаттан қаза тапқандар жоқ. 160 адам зардап шекті. Өткен түнде тағы 5-те, 3 балдық зілзала тіркелді. Ал Токиода төрт баллға дейін дүмпулер сезілді. Ғимараттарда жиһаз құлап, газды өшіретін апаттық жүйе іске қосылған. "Фукусима-1" және "Фукусима-2" атом электр станциясындағы пайдаланылған ядролық отынды сақтауға арналған бассейндерден радиоактивті су шашырады. Мамандар ешқандай қауіп жоқ деп сендірді. Жапондық метеорологиялық қызметтің мәліметінше, жер сілкінісінен кейін, бір жарым сағат ішінде 10-нан астам жер тербелістері байқалған.

З. Санай