Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Қандасымыздың балалары бейімдеу орталығына неге өткізілілген?

Қандасымыздың балалары бейімдеу орталығына неге өткізілілген?

Түркістандық азаматтың өзіне аманатталған қос бауырына, қолы жетпей жүр. Қытайда қалған інісінің 8 және 10 жастағы қос перзентін, Сарыағаш ауданы білім бөліміндегілер тартып әкеткен. Енді оларды көру үшін, 130 шақырым жол жүріп Шымкентке келеді. Кішкентай қандастарды бейімдеу орталығына өткізуге не себеп болды? Әріптесім Айзада Төребекқызы, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына еріп барды.  

Сарыағаш ауданының тұрғыны Құрманғазы Жамалбек, әр келгенде кішкентай інілерін осылай деп жұбатады екен. Бірақ бұл жолы да өзімен алып кете алмайды. Ол 19-шы қарашадан бері, үш күн сайын Шымкентке сабылып жүр. Айтуынша, Қытайда тұратын інісі 2019 жылдың желтоқсанында, екі перзентін мектепке орналастыру үшін елге әкелген. Ағасына сенім хат рәсімдеп өзі кері қайтқан.  

Құрманғазы ЖАМАЛБЕК, САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Карантинға байланысты ғана өте алмай тұр. Әйтпесе олар келмей қойып жатқан жоқ бұл жаққа. Әзір керек болса ашылатын болса әзір келе салғалы тұр ғой олар. Әйтпесе балалардың мына жерде жатқанын оларда  қала алмайды. Сондай ашулы бауырларым. Біз Қазақстан атажұртқа көшеміз деп отырсақ балаларымызды қамап қойды.


Айта кетерлігі, бейімдеу орталығында балалар 90 күндей ғана бола алады. Қазір көрсетілген мерзім аяқталуға таяу. Құжат дер кезінде рәсімделіп бітпесе балалар Қытайға кері депортациялануы әбден мүмкін.

Назгүл ҚҰРМАНАЛИЕВА, ШЫМКЕНТ қ. БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ БЕЙІМДЕУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Біздің тарапымыздан көші-қондарға хат жолданды. Сарыағаш аудандық білім бөлімдеріне хаттар не жұмыстар жүргізіп жатқандығы туралы...одан кейін балалар құқығын қорғау жөніндегі комитетке де, өзіміздің басшылыққа да, басқармаға да хаттар жолданды. Тиісінше шешіп береміз деген жауаптар алынып жатыр.  

Ал Сарыағаш аудандық білім бөліміндегілердің өз уәжі бар. Олар бұл жағдай балаларды орталыққа өткізгенге дейін әбден зерттелді деп отыр.  

Айбек ҚҰЛҚАРАЕВ, САРЫАҒАШ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕРІ:
 
Тұрмыстық жағдайлары тура келмеді. Ол кісінің табыс көзі жоқ еді. Тұрақты тұратын жері жоқ еді. Мешіттің ауласындағы жанындағы үйде тұрған болғандықтан біз ол кісіні тұрғын үй тұрмыстық жағдайы дұрыс келмеді. Баланың жататын орны, қыздың жататын орны бөлек болу керек.


Білім бөліміндегілердің білуінше, Құрманғазы Жамаловтың өз бауырларын қамқорлығына алатын бір ғана мүмкіндігі бар көрінеді.  

 Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

 
Ол үшін жасөспірімдер Қытай азаматы болғандықтан қамқоршылыққа алуға рұқсатты сол жақтан алдырту қажет. Мұнан соң ағалары үш айлық курстан өтіп, балаларға жағдай жасалғаннан кейін ғана қолы жетеді деді.

А. Төребекқызы