Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбелік студенттер күйзеліспен күресудің бірден бір жолы жылы құшақ пен тәтті тағамдар деп санайды

AstanaTV
15.04.2016ж. 20:00
1613
Ақтөбелік студенттер күйзеліспен күресудің бірден бір жолы жылы құшақ пен тәтті тағамдар деп санайды

Күйзеліспен күресудің бірден бір жолы - жылы құшақ. Психологтар қиын-қыстау кезеңде жақын адамдардың қолдауы бірінші кезекте көмек болады деп есептейді. Мамандардың бұл пайымымен Ақтөбедегі медицина университетінің студенттері де келіседі.

Бүгін олар шаһар көшелеріне шығып, көшедегі жаяу жүргіншілерді құшағына алды. Күйзелістен көмектесетін тәтті шоколад пен психологиялық қиындықты жеңу жолдары жазылған парақшалар таратты. Бұл шара соңғы жылдары әлемді алаңдатып отырған суицид мәселесімен күресуге бағытталған. Аяқ астынан жастардың құшағына тап болған ақтөбеліктер бұл бастамаға дән риза.

Мансұр ЕСҚОЖИН