Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Украина премьер-минстрінің отставкаға кетуіне байланысты

AstanaTV
16.04.2016ж. 20:00
1384
Украина премьер-минстрінің отставкаға кетуіне байланысты

Қырғызстанда жаңа премьер-министр. Бұрынғы үкімет басшысы Темір Сариев Балыкчы–Тамчы–Чолпон-Ата–Корумду жолын жөндеу бойынша тендерді жүргізуде заң бұзылғаны анықталған соң отставкаға кеткен.

Министрлер кабинетін Сооронбай Жээнбеков басқарады, ал оның ағасы Асылбек Жээнбеков парламент спикері етін, ол да отставкаға кетті. Заң бойынша, Қырғызстанда туыс адамдар бірдей мемлекеттік жоғары қызметті иелене алмайды.

Осы аптада Украинаның премьер-министрі Арсений Яценюк те отставкаға кетті.

Оның орнына Жоғары Рада, Радаға жетекшілік етіп келген Владимир Гройсманды тағайындады.

Енді аз-кем деталь. Le Figaro басылымына интервью берген француз дипломатиясы бойынша маман  Адриан Десюин Украинадағы жағдайға анализ жасаған.

«Порошенко-Яценюк тандемі ұзақ айларға созылған бөлек өмір сүруден соң, ақыры айырылысты. Олар ешқашан тұрақты тандем болған емес, себебі билік басындағы коалицияны құрушы олар серіктер емес, бәсекелестер етін»,- деген ол.

«Яценюк Украинаны антиресейлік жанталасқа түсіріп қойды, бірақ оның тиімділігі сұрақ туғызады, себебі Украина Батыс әлемімен интеграциянған жоқ. Өткелде тұрып қалған Майдан партиялары оқшаулауға түсті, сосын аға бастады»,- деп сабақтайды аналитик.

Француз сарапшысының пікірінше, украин экономикасы батып барады. Банкротқа ұшырайтындарына күмәнданбайды. Экономикалық, әскери дағдарыстарға саяси дағдарыс қосылғанын айтады. Батыс әлемінің қаржылық қолдауы тоқтаған. Киев, Минск келісімдерін орындамаған соң, еуропалық одақтастарымен қатынасын бүлдіріп алған. 

Аналитик түрлі сценарийді келтіреді: маятниктің бұған дейін де болғандай, ресейге қайта бұрылуынан бастап, парламенттің әркім әр жаққа тартатын мекенге айналуы. Бұл олигархтарға өте-мөте тиімді.  «Тарихтың ащы күлкісі – «Еуропа Одағымен ассоциация құру керек» деп басталып, жеңіске жеткен  Майдан көтерілісінен екі жылдан соң жақында Нидерландта өткен рефрендум «украиндарды бауырға алуға қажеті жоқ» деген «кеудеден итерумен аяқталды»- дейді Адриан Десюин. «Украин тақырыбына»  сергек қарайтын біз ащы күле алмаймыз. Өркениетті әлеммен интеграцияланса, коррупцияны ауыздықтаса, адам Адам сияқты өмір сүретін қоғам орнатса, посткеңестік кеңістікте коммунистік-тоталитарлық шекпенді біржола өртеген тағы бір ел шықса деген тілектің орындалмайтынына қалай күлесің?..