$460.43 €501.04 ₽6.65
×

Ақтаулық оқушы үш күнде протез құрастырып шығарды

11 қыркүйек 2017
1873
Ақтаулық оқушы үш күнде протез құрастырып шығарды

Ақтауда 13 жасар оқушы үш күнде протез жасап шығарды. Жасанды қолдың көмегімен кесеге су құйып, тамақ ішуге, тіпті көлік жүргізуге де болады екен. Өнертапқыш оқушы өзі жасап шығарған құрылғыны әлі де жетілдіріп, дамыта түспек ниетте. Барлық сигналдарды арнайы компьютерлік бағдарлама оқиды. Адамның жарақаты жазылғаннан кейін мұндай көмекші робот күнделікті істі әдеттегідей атқаруға мүмкіндік береді,-дейді ол. Жас шебердің сөзінше, адам атқарар іс-әрекетіне бар зейінін аударуы тиіс. Сонда ғана протезді басқару жеңілдейді.

Даниил Белов:

Бұл протезді өзіме арнап жасадым. Оны қозғау үшін басқа нәрсеге алаңдамауым керек. Өйткені протез адам медитация жасағанда немесе нақты бір нәрсеге көңіл бөлгенде мидан түскен сигналдарды оқи алатын нейроинтерфейстің көмегімен қозғалады.

Дмитрий Куричев,  роботтехника клубының бас бапкері:

Бұл көлік жүргізетіндер үшін өте қолайлы. Рөлді ұстап алып, оны тіреу ретінде де пайдаланасың. Ал қолы жоқ адамдар осы құрылғыны басқаруды меңгеріп алса, су құю немесе тамақ ішу секілді қарапайым әрекеттерді оңай орындайды. 


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар