Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Елордада егде жастағы әйел үш баланы ұрып тастады

Елордада егде жастағы әйел үш баланы ұрып тастады

Елордада егде жастағы әйел, аулада ойнап жүрген үш баланы ұрып тастады. Оқиға тұрғын үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ересек адам балаларды бірінен соң бірін соққыға жыққаны видеода анық көрінген. Олар әжейдің әрекетіне тосырқап қалғандары да байқалады. Құқық қорғау органдарына таяқ жеген баланың анасы арызданыпты. Қалалық полиция департаменті 63 жастағы қала тұрғынын анықтаған. Келеңсіздікке әжейдің өз немересі мен басқа балалардың арасындағы төбелес себеп болғанын айтты.

Эльмира ШАУЛЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазірде бұл әйел азаматпен профилактикалық жұмыс жүргізілді. Сот –медициналық сараптама тағайындалып, оның нәтижесі бойынша әйел адамға қатысты шешім қабылданатын болады.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдерді аяусыз соққыға жыққан тұрғын тәртіп сақшыларына «өзін ұстай алмадым» деп түсіндірген. Қария 6 жастағы немересін ауладағы үлкен балалардың ұрғанын білгенде ашуын тежей алмағанын айтқан. Енді оған қандай жаза болатыны белгісіз. Полиция арнайы сараптамадан соң, шешім қабылданады деді.

Б. Сатуов