Атырауда мұнай компаниясына қызмет көрсететін жеке емхана медбикелері үстемақы талап етеді. Олар короновирус індеті ушыққан кезде науқастарды күндіз-түні емдедік,-дейді. Сондықтан ковидпен күрескен өзге әріптестері секілді Үкіметтің үстемақысынан үмітті. Былтырдан бері шағымдарын айтып шырылдап жүрген ақ халаттылар бүгін әділетті шешім сұрап облыстық әкімдікке келді. Айтуларынша, өз құқықтарын талап еткелі, жеке клиниканың басшылығы жұмыстан шеттете бастаған.
Гүлфайра РАЗМАҒАМБЕТОВА, МЕЙІРБИКЕ:
Жағдайлары нашарлаған кезде алғашқы көмек жасап инфекциялық ауруханаға жібереміз,- деді. Бірақ олай болмады. Бәрі бізде іште емделді.
Нұргүл ЖҰБАНИЯЗОВА, МЕЙІРБИКЕ:
Желтоқсанның 25 күні бізді автоматты түрде клиникаға аударып жіберді. Біздің орнымызға училищиден жаңа бітіп келген балдарды алды. Әлі де бітірмеген дипломы қолында жоқ адамдар қазір біздің орнымызда жұмыс жасап жатыр.
Ақ халаттылар бұған дейін еңбек инспекциясы мен денсаулық сақтау басқармасына арыз жазған. Бірақ олардан қайыр болмапты. Бүгін де шағымданушылармен кездескен шенділер пандемия кезінде еңбек еткендерге жарытымды ештеңе айтпады. Ал жеке емхананың басшылығы, бұл мәселе қатысты, сұқбат беруден бас тартты. Ал, шенділердің жауабы мынау:
Қайсар АБДАЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл клиниканың тарапынан «біз осы инфекциондық төсек-орындар аштық, адамдарды емдеп жатырмыз», - деген ұсыныс болған жоқ. Және ол клиниканың әлеуметтік медицина сақтау қорымен ешқандай құжаттары жасалмаған.
Б. Надірқызы