Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

«Nur Otan» партиясының қатары толықты

AstanaTV
26.02.2021ж. 20:00
1648
«Nur Otan» партиясының қатары толықты

1-ші наурыз - «Nur Otan» партиясының құрылған күні. Осыған орай елордалық филиал қатары 20 адаммен толықты. Жаңа нұротандықтарға партиялық билетті әкім Алтай Көлгінов тапсырды. Олардың қатарында медицина қызметкерлері және өзге де маңызды сала мамандары  бар. Ал бұл өз кезегінде партия жұмысының жемісті болуына септігін тигізеді, дейді шаһар басшысы.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Партияның мүшесі болуы үлкен жауапкершілік. Партия – халықтың партиясы! Тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосамын деген сөз. Ол жай ғана сөз емес, елдің азаматы ретінде, қоғамның мүшесі ретінде жасаймын деген бағыт.

Василий ТАХТАЙ,  СПОРТШЫ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Патриот ретінде елдегі жағдайдың жақсаруына бар күшімді саламын. Бұған дейін ерікті ретінде мұқтаж адамдарға көмектесіп келдік, енді партия қатарында да бұл ісімізді үлкен масштабта жалғастырамыз.  


Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласында 37 мыңнан астам нұротандық бар. Дегенмен маңыздысы сан емес, сапалы жұмыс дейді Алтай Көлгінов. Ал жаңадан қатарға қосылған азаматтар болса, сенімге селкем түсірмейміз деді.

Ә. Өмірзақ