$511.22 €540.05 ₽4.73
×

Күзет агенттігінің экс-қызметкерлері жалақыларын ала-алмай жүр

AstanaTV
01.03.2021ж. 20:00
1988
Күзет агенттігінің экс-қызметкерлері жалақыларын ала-алмай жүр

Елордада бір топ тұрғын жалақысын ала-алмай жүр. Күзетші болып серіктестікте істеген олар бүгін шу көтерді. Айтуларынша жұмыс берген серіктестік соңғы рет қарашада айлық берген. Желтоқсан және қаңтар айларының жалақысын бермей отыр дейді. Арада келісім шарт бар. Мәселемен танысып қайтқан әріптесім Бекболат Сатуов тарқатсын.

Маңдайтер ақыларын ала-алмай жүрген елордалықтар  ендігі жерде қайда барарын білмей дал. Іс созылған сайын жағдайымыз қиындап барады дейді, базыналы бұқара. Айтуларынша мекеме 13 адамға шамамен 2 миллион теңгедей қарыз деп отыр.  

Илгар МАЛИКОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біз сонда бала-шағамызды кім бағады?  Квартирамыз бар, кредитіміз бар. Бәрі бала-шаға деп жүр. Үш ай болды әлі, бір тиын, бір жалақы алған жоқпыз.

Анарбай ҚОЖАБЕКОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біз SAS-пен отырғанбызғой договорға. SAS бізге ақшасын төлеу керек.

Құралбай АЙТЕНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бәрі квартирада тұрады. Ипотекасы бар. Бәрі сырттан келген. Қазір күннен-күнге заман қысып бара жатыр. Қымбатшылық.

Мәселеге байланысты жауапты ЖШС-і басшылығымен байланысып көрдік. Бірақ компания өкілдері бізге қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Жалықасын даулағандар еңбек инспекциясына да арызданған екен. Бүгінде басқарма өкілдері аталмыш іс бойынша жұмыс жүргізіліп жатқандығын айтты.

Мақсат ДҮЙСЕНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ:

Жоспардан тыс тексеріс тіркелді. Мемлекеттік еңбек инспектірімен.Құжаттар алынды осы компаниядан. Тексеріп болған соң, егерде жұмыскерлердің айтқандары дәлелденетін болса, осы заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Жалақыны кешіктіргені үшін. Нұсқама беріледі. Аталған осы жұмыскерлердің жалақысын төлеуге байланысты.

Тексеру жұмыстары 24 ақпаннан - 10 наурызға дейін жүргізілмек. Егер арызданғандардың уәжі расталған жағдайда, жұмыс беруші бұрынғы қызметкерлерінің жалақыларын толық өтейді деп сендірді.

Б. Сатуов