$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда 27 жастағы азамат пәтерді жалға алып, есірткі дайындаған

AstanaTV
02.03.2021ж. 20:00
1671
Атырауда 27 жастағы азамат пәтерді жалға алып, есірткі дайындаған

Атырауда 27 жастағы азамат пәтерді жалға алып, есірткі дайындаған. Онымен қоймай, қала ішінде құпия орындарға қалдыру арқылы есірткі таратумен айналысқан. Сауданы қыздырып, көл-көсір пайдаға кенелмек болыпты. Алайда айласын асырмақ болған азаматтың заңсыз әрекеті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әшкере болды.

Ұнтақ тәрізді зат, есірткіні өлшейтін түрлі құралдар. Бұл - Нұрсая мөлтекауданындағы пәтерлердің бірінен табылған айғақ заттар. 27 жастағы Атырау тұрғыны пәтерді жалға алып,  емін-еркін есірткі саудасымен айналысқан. Ал дайын тауарды тұтынушыларға тікелей сатпаған. Қаладағы елеусіз көшелерге қалдырып кетіп отырған. Тәртіп сақшылары қылмыстың бетін ашты. Ол өз еркімен қалай жұмыс істегенін көрсетіп берген.

Осылайша қаланың 3 аумағында жасырылған синтетикалық есірткінің 60 дозасы табылды. Қазір күдікті қамауға алынып,  оған қатысты қылмыстық іс тергелуде. Полиция департаментінің дерегінше, бұл өткен екі айдағы үшінші факті.

Гүлнәзира МҰХТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Күдікті қамауға алынып, осы дерекке қатысты 297 бабы Есірткі, психотроптық заттары  сол тексетерді өткізу масатында  заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не  өткізу бойынша  сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.


Аймақта былтыр  есірткі саудасына қатысты 50 дерек тіркелген. Жалпы 22 келі есірткі тәркіленген. Ғаламтордан  38 сайт бұғатталып,  волонтерлар тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы 100-ге тарта жасырын сөздер мен байланыс нөмірлерін өшіріп шыққан еді. Бірақ бұл бәрібір қылюмысқа тоқтау болар емес. Дейтұрғанмен осы жолы қамалған күдіктінің қылмысы дәлелденсе, он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Б. Нәдірқызы