$522.49 €547.88 ₽5.06
×

Шымкентте қос азаматтығы бар шенеунік жұмыстан шығарылды

AstanaTV
02.03.2021ж. 20:00
1694
Шымкентте қос азаматтығы бар шенеунік жұмыстан шығарылды

Шымкенте қос елдің азаматтығымен жүрген шенеунік жұмыстан шығарылды. Олег Почиваловты жұмыстан босату туралы шаһар әкімі Мұрат Әйтеновтің өкімі 25-ші ақпан күні шыққан. Ресми құжатты баспасөз қызметі таратты.  

«Шымкент  қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Владимирович Почивалов шет мемлекет азаматтығының болуына байланысты 2021 жылдың 25-ші ақпанынан бастап жұмыстан босатылсын».

Еске салайық, шымкенттік шенеуніктің, сотқа берген талап арызы бұған дейін қанағаттандырылмап еді. Лауазымды тұлға, ол кезде : қос елдің азаматтығы бар деп ақпарат таратқан полицияның әрекетін, заңсыз деп тануды сұраған болатын. Алайда арызды қараған Әл-Фараби аудандық сотының судьясы, Олег Почиваловтың Ресей Федерациясының азаматы екенін дәлелдеген еді. Соттың дерегінше басқарма басшысы Почивалов 2005 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын алып, 2007 жылы паспорт иемденген.

А. Төребекқызы