Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Ел ішінде сегіз жоғарғы оқу орыны жабылған

Ел ішінде сегіз жоғарғы оқу орыны жабылған

Лицензиясынан айрылған 8 жоғарғы оқу орны, жабылып қалған. Арнайы тексеру нәтижелері бойынша 33 білім ордасынан 110 лицензия қайтарып алынған. Бұл туралы бүгін онлайн өткен брифингте министрлік өкілдері айтты.

Гүлзат КӨБЕНОВА, ҚР БҒМ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Бүгінде өтініштер аудиттің нәтижелері бойынша талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты қайтарып алынды. Нәтижесінде бүгінде республикадағы жоғары оқу орындары 8 бірлікке азайды. Олардың барлық деңгейдегі лиценциялары алынып тасталды.

Сонымен қатар, министрлік қашықтықтан оқып жатқан балалардың мәселесіне де тоқталды. Республика бойынша бүгінгі таңда 47 пайыз оқушы штаттық негізде оқытылуда. Ал, қалғандары әлі де қашықтықтан білім алып жатқанын айтты. Білім және ғылым вице-министрі мектептердегі аралас форматта оқыту ережесін түсіндірді.

Шолпан КАРИНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл жалпы білім беретін мектептердегі 1-5 сынып пен халықаралық мектептердегі 1-7 сыныптар. Өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты, штаттық немесе қашықтықтан оқытатын пәндерді әр білім мекемесі өздігінше анықтауға құқылы.

Б. Сатуов