$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Экономикалық соттың төрағасы қызметінен қуылды

AstanaTV
03.03.2021ж. 20:00
1346
Экономикалық соттың төрағасы қызметінен қуылды

Павлодарда пара алды деген күдікке ілінген, облыстық мамандандырылған экономикалық соттың төрағасы, ақыры қызметінен қуылды. Талғат Тағажайды жұмысынан босату туралы Жарлыққа ел Президенті қол қойған.

Естеріңізге салайық, өткен жылы аталған сот төрағасы кәсіпкерлердің бірінен 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Кейін жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері оның пара алуға оқталғанын айтып, қылмыстық істі тоқтатты. Алайда, Жоғары сот кеңесінің сот алқасы, судья атына кір келтіргені үшін жұмыстан босату керек – деп шешім шығарған.

Маржан ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ:

ҚР Президентінің 2021 жылғы 27 ақпандағы №525 жарлығымен Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Тағажай Т.Б теріс қылық жасағаны үшін қызметінен босатылды.

Ө. Қуанар