Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жекешелендіру күнделігі

AstanaTV
16.04.2016ж. 20:00
2366
Жекешелендіру күнделігі

Астанадағы «Думан» ойын-сауық орталығының жаңа қожайындары кабинкалары барайналаны көзбен шолатын доңғалақ орнатуы керек. Қалалық коммуналдық мүлік басқармасы балансындағы «Думанды» сатқанда осындай талаппен сатқан. Сатып алушы орталықтың профилін өзгертпеуі тиіс. 10 жылға дейін.

¤

Ұлан Құдайберген, Астана қ. коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім жетекшісі: 

¤

Басты талабымыз 10 жыл бойы өзгертпеу. Ондай талап қойған себебіміз дамыту, дамытып қала тұрғындарына, қонақтарына қызмет көрсету үшін. Колесо обозрение қою талабы. Ойын-сауық кешенінің ішінде аквапарк жасау. Дамыту үшін.

 - Құпия болмаса, кім сатып алғанын айта аласыз ба,

- Ол коммерциялық құпия, заңға сәйкес, келісімсіз айта алмаймын. 

Сатып алушы отандық компания екен. Сонымен, осы аптада сатылған «Думан» орталығының тендеріне 2 үміткер қатысқан. Электронды сауданың нәтижесінде көбірек ақша ұсынған - 3 млрд 403 млн 500 мың теңге ұсынған сатып алушы жеңіп шықты. Бастапқы баға 3 млрд 400 млн теңге.

Жекешелендіруге байланысты кәсіпкерлердің  «Атамекен» Ұлттық палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев «сатылымға коммерциялық тұрғыдан алғанда тартымсыз нысандар шығарылды және тым қымбат» деген еді, жақында. Экономикада ақшаның тапшылығын айтып, кәсіпкерлерді «ынтықтыратын» нысандарды шығаруға шақырған. Мысалы, коммуналдық меншіктегі объектілерді. Және ақшасын бөліп төлеуге пұрсат беруді тағы айтқан. Ал осы аптада  «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры жекешелендіруге шығатын кейбір энергетикалық нысандарға 50 пайызға дейін жеңілдік жасалатынын хабарлады. «Астана»телеарнасына берген эксклюзивті сұхбатында «Самрұқ– Энерго»АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Мақсұтов, «Самұрық-Энерго» мекемесіне тиесілі шағын нысандар саудаға алдағы мамыр айында шығарыла бастайды,-деді.

Қайрат Мақсұтов, «Самұрық – Энерго» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Екінші тізімдегі ұсақ нысандар бойынша бірыңғай тәртіп орнатылған. Алғашқы саудада ағылшындық әдіс бойынша бірден электрондық сауда ұйымдастырылады. Ал екінші сауда голландиялық әдіс бойынша өтеді. 50 пайыздық жеңілдік жасалады. Яғни біздің акционерлер электронды сауда барысында осындай жеңілдіктер жасалуы мүмкін екенінен хабардар болады.