$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елорданың сол жағалауында орналасқан дәмханалардың бірінде өрт шықты

AstanaTV
05.03.2021ж. 20:00
1618
Елорданың сол жағалауында орналасқан дәмханалардың бірінде өрт шықты

Елорданың сол жағалауында орналасқан дәмханалардың бірінде өрт шықты. Абырой болғанда, адамдар дін аман. Зардап шеккендерде жоқ. Қоғамдық тамақтану орталығы, көпқабатты тұрғын үйдің, бірінші қабатында орналасқан. Жұмыс уақыты басталмағандықтан іште, дәмхана қызметкерлері ғана болған. Қызыл жалын туралы ақпаратты естігенде, тамақтанатын орын жұмысшылары ғана емес, үй тұрғындар да бірден сыртқа беттепті. Зәресі қашқан жұрт, өрт сөндірушілер қызыл жалынды өшіргенше, «қарлы көктемде» сыртта жүруге мәжбүр болды.

Ақмарал АҒИБАЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Подъезге кіру мүмкін емес, ішінің бәрі қап-қара түтін. Ана жерде екі баллон жатыр, біз оларға алып тастаңдар деп айттық, бірақ бізді ешкім тыңдаған жоқ.


Тұрғындар төменде орналасқан дәмханалардың бірі көгілдір отынды сақтайтын - газгольдер қолданатынын айтады. Егер өрт үлкен аумақты қамтып, балонға жетсе ғимарат қирайтын ба еді деп алаңдаулы. Бірақ төтенше жағдай мамандары, дәмханалар газгольдерді қолдануда, қауіпсіздік талаптарын толықтай сақтағанын жеткізді.

Алмаз СҮЛЕЙМЕНОВ, НҰР-СҰЛТАН қ. ЕСІЛ АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

 
Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Жиналған құжаттардың барлығы аудандық полиция басқармасына беріледі. Олар тергеу жүргізеді. Біз алдын ала болжамды айттық қой, ал олар нақтысын анықтап, нүктесін қояды.   

 Ә. Өмірзақ