Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жамбыл облысында үш ауданның әкімі қызметтен кетті

AstanaTV
05.03.2021ж. 20:00
3708
Жамбыл облысында үш ауданның әкімі қызметтен кетті

Жамбыл облысының Сарысу ауданы әкімі қызметінен босатылды. Бұл жайында облыс әкімдігі хабар таратты.  Бақытжан Жақсылықовты босату туралы ел Президенті әкімшілігінің келесімемен, аймақ әкімі өкім шығарған. Өңірдегі бірқатар лауазымды қызметтерді атқарған 49 жастағы экс-шенеунік, сол Сарысу өлкесенің тумасы. Өткен жылдың шілдесінде ғана аудан әкім болып тағайындалған. Жеті айға жетпей өз еркімен өтініш жазғаны белгілі болды.  Бақытжан Жақсылықовтан бөлек тағы екі аудан әкімі қызметінен босатылған.

Олжас САЙЛАУБЕКҰЛЫ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Бақытжан Жақсылықовтың қызметінен босатылуы Жаңатастағы қайғылы жағдаймен байланыстырылып отыр. Бұл екі оқиға бір-бірімен мүлде байланыспайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Бақытжан Жақсылықовты қызметтен босату туралы шешім өзінің берген өтініші негізінде қабылданғанын хабарлаймыз.

Еске сала кетейік, осыдан үш апта бұрын Жаңатаста жылу қазандығы істен шығып, мазуттың жоқтығынан жиырма мыңға жуық жұрт, яғни бүтін бір қала үш күн бойы жылусыз отырған. Соның артынша, бір үйдің бес баласы пәтердегі өртте улы газға тұншығып, бақилық болды.

Б. Жұмабай