Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жол апатынан үш адам қаза тапты

AstanaTV
05.03.2021ж. 20:00
2298
Жол апатынан үш адам қаза тапты

Қарағанды облысының Шет ауданында болған жол апатынан үш адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Ақсу-Аюлы ауылының тұсынан өтетін "Алматы - Екатеринбург" тас жолының бойында болған. «ГАЗель» мен автобус соғылған. Жолаушылар көлігі Нұр-Сұлтаннан Таразға бет алған. Жол сақшыларының дерегінше, жүк көлігінің  жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, автобусқа соқылған. Оның мұндай қатерлі маневр жасауына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Жол апатының салдарынан үш адам қаза болды. Қалааралық бағыттағы автобустың жолаушылар аман, дәрігерлік көмекті де қажетсінбеді. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Жол апатының салдарынан ГАЗель көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы және автобустың екінші жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Анығын білу үшін сараптама да жасалатын болады.


Е. Карин