Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Әлем Чемпионы Фируза Шарипова сәуірде титулдық жекпе-жек өткізбек

AstanaTV
05.03.2021ж. 20:00
1675
Әлем Чемпионы Фируза Шарипова сәуірде титулдық жекпе-жек өткізбек

«Менің артықшылығым бар». Отандық боксшы Фируза Шарипова әлемнің абсолютті чемпионы София Очигаваға қарсы өткізетін жекпе-жек жайлы мәлімдеді. Ол 3-ші сәуірде WBC Silver және IBA жеңіл салмақтағы титулдар үшін сынға түседі. Қарсыластар бұған дейін де кездескен болатын. Алғашқы белдесуде есе жіберген жерлесіміз, осы жолы жеңіске жететіне сенімді. Айта кетейік, Фируза Шарипова, Олимпиада чемпионы ирландиялық Кэти Тэйлормен де жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.

Фируза ШАРИПОВА, БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ:


Мен Софиямен 4 жыл бұрын бокстастым. Қазір мен біраз тәжірибе жинақтадым. Осы жолы өз жеңісіме сенімдімін. Жекпе-жек Ресейдің Қазан қаласында өтеді. Қазір дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр.


Ғ. Өтемісов