"Рахат" базарының басшылығы заңға бағынбай отыр. Олар иеленіп отырған нысанды 2019 жылы босатуы керек болған. Ал, қала әкімдігі "ALMATY CPS" компаниясына жерді 2 жыл бұрын беріп жіберіпті. Сол уақыттан бері қос тараптың арасында үзілген келісім-шартты мегаполис шенділері де бақылауға алмаған. Сауда орталығы кәсіпорынға тиесілі жерді босатудың орнына, жұмысын жалғастыра берген. Айтуларынша базар басшысы әр саудагерден салық жинауды да тоқтатпапты. Мұндаға кемшіліктер мұнымен бітпейді. Компания өкілінің сөзінше, дені дұрыс дәретхана жоқ, сатушылар қыста қалай жылынатына да түсініксіз. Нұрбек Бекбау өрт қауіпсіздігі сақталмағанын айтты. Сондай-ақ осыншалық қауіпті жағдайға жол берген Алматының шенеуніктеріне наразы. 2 күннен бері үлкен дауға айналған мәселеге, мегаполис әкімдігі тиісті шара қарастырмай отырғаны әлі күнге түсініксіз. Жергілікті биліктің бейқамдығынан қарапайым халық зардап шекпесе болғаны.
Нұрбек БЕКБАУ, "ALMATY CPS" ЖШС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:
Қазір қыстың кезі, әлі суық. Контейнерлерді қоя салған. Контейнерлерде ешқандай жағдай жасалмаған базардың ішінде. Саудагерлер плита, әр түрлі бұйымдарды қосып жылынуға тура келеді. Қазақстанда қанша оқиға тіркелді, осындай электрлі преборлардың кесірінен, базарда жағдайдың жасалмауы кесірінен жабайы базарлардың өртеніп, адамдардың қайтыс болғаны. Біз сонда сабақ алмаймыз ба?!
«ALMATY CPS» өкілдері 3 миллиард инвестиция құюға да дайын. Оған қоса 490 адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Сонымен қатар базардағы саудагерлерді өз компанияларына жұмысқа алатындарын айтты. Жаңа жұмысқа бейімдеу үшін қайта оқытуға да әзір екендерін жеткізді. Ал, базардағылар бұл бастаманы қолдауға қарсы емес. Бастысы тіршілік жасауға қолайлы болса, болғаны,- дейді.
БЛИЦ:
- Тұрған жері жайлы, ыстық болса мен қарсы емеспін! Тек алға!
- Егер жақсы, барлық жағдай жасалған, ыңғайлы, жылы жер болса мен қарсы емеспін!
А. Данияр