Бүгін Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақ ордада Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанды қабылдады. Ертең Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар бойынша САММИТ-і басталады.
Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия 900 млрд доллар тұратын 26 инвестициялық жобаны қолға алғаны хабарланды. Ал сапар алдында Түркия Президенті Астанада Н.Назарбаевпен Сирия, Ирак, Мьянма, Палестинадағы ахуалды да талқылайтындарын айтқан. Ал САММИТ-те мұсылман әлеміндегі ғылым, технологиялар, инновациялар мен жаңару жайы талданады. Ол ЭКСПО көрмесінің жабылуына сәйкестендірілген.
Мьянма
демекші,Түркия Президентінің жұбайы Эмине Ердоған Мьянмадағы зорлық-зомбылықтан
қашқан рохинджа мұсылмандар паналағанБангладештегі лагерьлерді аралап, Астанаға
сол жақтан ұшып келді. Зардап шегіп
жатқан бейкүнә адамдардың зарына құлақ асуға шақырды. Рохинджа мұсылмандар
туралы бағдарламада арнайы тоқталамыз.