Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шымкентте заңсыз салынған 16 құрылыс сот шешімімен бұзылады

AstanaTV
10.03.2021ж. 20:00
1529
Шымкентте заңсыз салынған 16 құрылыс сот шешімімен бұзылады

Ал, Шымкентте заңсыз салынған құрылыс нысандары, соттың шешімімен бұзыла бастады. Жыл басынан бері мегаполисте талапқа сай келмеген 16 нысанның сүрілуіне арнайы шешім шыққан.

Ауыр техникалар жермен-жексен етіп қиратылып жатқан, мыны ғимарат - қойма. Құжатта бұл жер автотұрақ негізінде пайдалануға беріліпті. Бірақ қожайыны нысаналы мақсатын өз бетінше өзгертіп, жеті бірдей қойма салып алған.

Ғалымжан ӨТЕНБАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ОРТА САПАСЫ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
 
Көбінесе осы қала аумағындағы заңбұзушылықтарға келетін болсақ олар атап айтатын болсақ жерді мақсатсыз пайдаланады. Екіншіден, тиісті дәрежеде құжаттарды рәсімдемейді. Жоба жоқ, экспертизадан өтпеген.  

Мамандардың мәліметінше, жыл басынан бері  құрылыс нормативтерінің бұзылуына қатысты  қазынаға 10 млн. теңгеге жуық айыппұл өндірілген. Дәл қазір сотта тағы сегіз іс қаралып жатқаны белгілі болды. Оның алтауы жерді мақсатсыз қолданғандарға қатысты.

А. Төребекқызы