Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Түркістан облысының тұрғындары, Өзбекстан азаматын шекарадан өткізген

AstanaTV
10.03.2021ж. 20:00
2145
Түркістан облысының тұрғындары, Өзбекстан азаматын шекарадан өткізген

Түркістан облысының қос тұрғыны өзбекстандық азаматты өз беттерінше, шекарадан өткізу кезінде ұсталды. Келес ауданы Ғани Мұратбаев ауылының 1993 және 1995 жылы туылған азаматтары, бұл қызметі үшін 20 мың теңге ақы алыпты.

Әуезбек МЫРЗАБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ғани Мұратбаев ауылының тұрғындары екі жас, Қазақстан Республикасының азаматы, Сырдария өзенінен үрмелі қайық арқылы түнгі уақытта бір Өзбекстан республикасының азаматын заңсыз  мемлекеттік шекарасын айналма жол арқылы өткізбекші болған уақытында шекара қызметкерлерімен әшкереленіп ұсталған.


Күдіктілердің бұған дейінгі осындай әрекеттер жасаған-жасамағаны тексерілмек. Шекара түбінде тұратын қос сезіктіге қылмыстық іс қозғалды. Ал, шекарадан заңсыз өткен шетелдік азамат та жазасыз қалмайды деді.

А. Төребекқызы