$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бағалы металды ұрлау мен оның заңсыз айналымы жыл сайын артып келеді

AstanaTV
10.03.2021ж. 20:00
1822
Бағалы металды ұрлау мен оның заңсыз айналымы жыл сайын артып келеді

Ел ішінде бағалы металды ұрлау және оны заңсыз айналымға салу, жыл өткен сайын артып келеді. Өзекті проблема бүгін Мәжілістің жалпы отырысында көтерілді. Төменгі палата төрағасы Нұрлан Нығматулин, қарақшыларға қарастырылған жаза тым жеңіл деп есептейді. Көршілес Ресей мен Беларусь елінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған болса, Қазақстан тек әкімшілік жазамен шектеліп жүр. Сондықтан тиісті шешім қабылдап, бұл проблеманы шешуі тиіс - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты оянып, нақты әрекет етуге шақырды. Толығырақ Әлішер Өмірзақтың материалында.

Бір апта бұрын ғана «Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинатынан» 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды. Ал соңғы 5 жылда осындай қылмыспен ұсталғандардың саны, тіпті шошырлық – 32 мың адам. Қазір заңда қарастырылған жауапкершілік, бұл статистиканы жақсартуға қауһарсыз. Осылай деген Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, тиісті министрлік басшысын сынға алды.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Так чего же вы тогда ждете? Почему спите? ... Заңды күшейту үшін не күтіп отырсыз? Неге ұйықтап жүрсіз? Қымбат металдардың заңсыз айналымы үшін жазаны қатаңдатуға ең алдымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мүдделі болуы қажет қой. Қатаңдатамыз деп қана шектелмей тиісті заңға өзгерту енгізіңіздер. Біз қолдаймыз.

Заңсыз айналым үшін, қолданыстағы Заңға сай, тек әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 50 мың теңге жуық айыппұл төлейді. Бірақ құнды металлды саудалау табысты бизнес көзі болғандықтан, бұл жаза, оларға тұсау бола алмай тұр. Мұны министрлік те мойындайды, бірнеше мәрте Заңды қатаңдатуға тырысқанымен, Бас прокуратура қолдамады дейді.

Бейбіт АТАМҚҰЛОВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ:
 
Генеральная прокуратура в рамках гуманизации... 2016 жылы Бас прокуратура қылмыстық кодексті гуманизациялау аясында бізді қолдамады. 2018 жылы Ақмола облысында асыл металдар мен концентраттарды ұрлау фактісі тіркелгенде бұл мәселені тағы көтердік. Енді бүгінгі күні біз осы секілді құқық бұзушылықтарды талдап, жазаны күшейтуді бастау үшін статистика жинап жатырмыз.

Тараптар құнды металлдың заңсыз айналым мәселесіне қатысты ортақ шешімге келгеннен кейін, мәжілісмендер бюджеттен тыс қорлардың шығыстарына тоқталды. Депутат Аманжан Жамалов Міндетті әлеуметтік медицианалық сақтандыру қорының әкімшілік шығындары мен жалақыны ашып көрсетуін талап ету қажет екенін айтты.

Аманжан ЖАМАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

2019 жылы Президент Үкіметке әлеуметтік қамсыздандырудың бюджеттен тыс жүйесін бірыңғай қорға шоғырландыру мәселесін зерделеуді тапсырған. Бір жарым жыл өтті, бірақ ешқандай әрекет байқалмайды. Қазір бюджеттен тыс қорлардың шығыстары Парламент пен Есеп комитетінің бақылауынан тыс қалып отыр. Ал бұл жүздеген миллиард теңге.

Ал, депутат Александр Милютин болса, зейнетке шығу жасын өзгертуді тағы да талап етті. Жұмысының ауырлығына байланысты азаматтар құрмет демалысына ерте шығу қажет деді.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:

Әлемдік тәжірибеге сүйенген ол, бұл жүйені Қазақстанға да енгізуге болатынына сенімді.  Мәселен кеншілер мен балериналардың кәсіби жарамдылығы 60 жасқа дейін жетпейді, сондықтан ерте шығуы орынды деген пікірде. Тиісті депутаттық сауал осымен екінші мәрте Премьер-министр атына жоладанды. Алғашқысына нақты жауап алмадық деген депутат, бұл жолы қараусыз қалмайтынына сенімді.

Ә. Өмірзақ