Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлердің үстемақылары тоқтамайды

AstanaTV
11.03.2021ж. 20:00
1640
Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлердің үстемақылары тоқтамайды

Осыдан тура бір жыл бұрын, дәл осы күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа түрін пандемия деп жариялады. Індет содан бері 219 елге тараған. Ал құрбандары саны 2 жарым миллионға жетіп отыр. Әлемдік рейтингтің көш басында АҚШ пен Үндістан тұр. COVID-19-дың зарбады, Қазақстанға тиді. Тышқан жылына көз жүгірткен, әріптесім Асылбек Даниярдың репортажы.

2019 жылы Қытайдың Ухань қаласынан тараған коронавирус инфекция, Қазақстанды да айналып өтпеді. Былтыр наурыздың 13-і күні Денсаулық сақтау министрлігі 3 отандасымыздан індет табылғанын хабарлады. Осы сәттен бастап Үкімет халықты қорғау үшін, жедел шаралар қабылдады. Әрине, тосыннан келген індетке алғашында халық сенбеді. Артынша, науқастардың саны күрт көбейді. Елде қарапайым маскадан бастап, өкпені жасанды желдету құрылғысына дейін тапшылық туды.  

Ауырпашылыққа төтеп беру оңай болмады. Карантин жарияланып, кәсіпкерлердің жұмысы тоқтады. Жұмыссыз қалғандардың саны артты. Осы сәтте Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Birgemiz» қоғамдық қоры құру бастамасын көтерді. Қор жұмысынан айырылған, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, медициналық қызметкерлерге қаржылай және материалдық көмек көрсетті.

Бауыржан БАЙБЕК, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Сіз құрған «Birgemiz» қорына қазір 20 млрд-қа жуық ақша түсті. 5 мыңнан астам масканы сол отбасыларға таратамыз. Сосын Алматы, Нұр-Сұлтан қаласының 2 мыңнан астам дәрігерлерге  50 мың теңгеден жібердік. Мамыр айынан бастап, 200 мыңға жуық отбасыға ақша жіберіледі.1 млнға жуық адам 50 мың теңгеден жіберілетін болады.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, коронавирустың жаңа түрін пандемия деп жариялағанына тура 1 жыл болды. Мемлекет басшысыда қиындық тудырған ауыр кездерде, телеарналар арқылы халыққа үндеу жасады. Бүгін де әлеуметтік желідегі парақшасында, кеселдің қатері сейілмегенін айтып, жазба қалдырды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай және басқа да көмек берілді. Біз береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік. Бірақ дерттің қатері әлі де сейілген жоқ. Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз. Барша отандастарымызды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырамын.


Вакцинация демекші, ауруды ауыздықтау үшін ақпанның 1-інен бастап, коронавирусқа қарсы жаппай екпе  басталды. Науқан кезең-кезеңімен жүріп жатыр. Ресейдің "Sputnik V" препараты алдымен ерікті медицина мамандарына салынды. Дәл осы сала мамандары қатерге бас тігіп, бірнеше ай үй бетін көрмегені баршаға аян. Мемлекет олардың еңбегін бағалап, үстемақы тағайындады. 3 санат бойынша 380 мыңнан 1 миллионға дейін қосымша қаражат төледі. Қазір елде эпид ахуал тұрақты.

Гүлфайруз ИСКАКОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:


Медициналық техниканың тапшылығы жоқ. Және дәрілік препараттардың екі айлық қоры бар. Жалпы бір жылдың ішінде 15 мыңға жуық коронавирустан айыққан науқастарымыз бар. Оның ішінде 1200-ге жуық жүкті әйелдер өздері емделіп шықты. Олардың 272 бала туылды.

Медицина мамандарының денсаулығы мен өмірін қорғау үшін, сақтандыру мәселесі де қарастырылды. Дертке шалдыққандарға өтемақы 2 миллион, көз жұмғандарға 10 миллион теңгеден төленді. Айтпақшы, науқастарға үш мегаполисте модульдік инфекциялық орталықтар бір айдың ішінде тұрғызылды.

Асылбек ДАНИЯР,  ТІЛШІ:
 
Бұдан бөлек, шектеу шаралары кезінде жұмыссыз қалғандарға 42 500 теңгеден берілді. Бір реттік төлемді төтенше жағдай уақытында 4,6 млн және карантин кезінде 2,4 млн қазақстандық алды. Қаржы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінген болатын.

А. Данияр