Бензин бағасы неге өсті? Бұл сауалға бүгін Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов жауап берді. Ол былтыр сәуірде уақытша енгізілген мемлекеттік реттеудің күші жойылғанын айтты. Сондықтан жанар-жағар май бағасының өсуі заңдылық деп түсіндірді. Жауаптылар бағаға көрші елдердің де әсері бар екен жасырмайды.
Әсет МАҒАУОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазақстан бойынша бензин бағасы 160 теңгенің ар жақ-бер жағында болып тұр. Салыстырмалы түрде айтсақ, Қырғыз республикасында баға 185 теңге, литріне. Яғни 16 пайызға жоғары. Өзбекстан республикасында 260 теңге. 63 пайыз жоғары. Ресей федерациясында 255 теңге литіріне, 59 пайыз жоғары.
Энергетика министрлігі ел ішінде жанар-жағар май тапшылық жоқ екенін айтты. Көтемгі егістікте де мәселе туындымайды деп сендірді. Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге дала жұмыстарына дизель отынын жеткізу кестесін бекіткен. Нақтырақ айтсақ, 380 мың тонна отын ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне бөліп берген.
Б. Сатуов