Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Құқық қорғау органының 25 қызметкері коронавирустан қайтқан

AstanaTV
12.03.2021ж. 20:00
1795
Құқық қорғау органының 25 қызметкері коронавирустан қайтқан

Пандемия басталғалы құқық қорғау органының 25 қызметкері, коронавирустан қайтыс болған. Бірақ олардың отбасыларына мемлекеттен ешқандай өтемақы берілген жоқ. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, Сенатта өткен "Үкімет сағатында"  айтты. Ол полицейлер де Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұландықтар секілді жеңілдіктер алуы үшін тиісті заңға түзетулер әзірлеп жатқандарын хабарлады.

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

 
Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан және басқа да арнайы органдардың әскери қызметкерлеріне қарастырылған жеңілдік полицейлерге де қатысты болады. Жұмыс кезінде алған жарақат, түрлі ауру үшін өтемақы алу мүмкіндігін заңды тұрғыда қарастырамыз. Карантин шаралары күшейгенде республика бойынша 52 мыңға жуық полиция мен министрлікке қарасты құрылымдық бөлімше қызметкерлері жұмылдырылып отырады.


Сондай-ақ жақын күндері Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай дайындалған «Рақымшылық туралы» заң жобасы Парламентте қаралады. Оған сәйкес, азаматтарға үлкен қауіп төндірмейтін қылмыс жасағандар мен келтірген шығынды өтегендерді жазадан босату қарастырылып отыр. Айта кетейік, осы уақытқа дейін Қазақстанда тоғыз рет рақымшылық жарияланған. 2016 жылы да Тәуелсіздіктің 25 жылдығына жарияланған рақымшылық кезінде түрмеден 1,5 мыңға жуық адам босатылды.

Ә. Өмірзақ