Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Бір түнде алты көлік ұрлау операциясы сәтсіз аяқталды

AstanaTV
12.03.2021ж. 20:00
1761
Бір түнде алты көлік ұрлау операциясы сәтсіз аяқталды

Елорда да ащы суға сылқия тойып алғандар көлік ұрлау операциясын жасады. Бір түнде 6 көлікті қолды қылмақ болған. Полицияға қала тұрғыны арызданған, көлігіне біреулер кіріп, жеке заттарын алып кеткенін айтқан. Қарақшылардың бірі алдымен біреуін ашып, көлікті тізгіндеген. Бірақ ол көпке бармай, өшіп қалған. Сосын басқа көліктің аккумуляторын әкеп салып, қыздыра алмаған. Сол арада нөмірі ресейлік көлікті байқап, оны да  олжаламақ болды. Бірақ оталдыра алмаған. Сосын гольф көлігін тізгіндейді. Қала орталығында неміс маркасындағы көлікте ұзаққа бармады. Осы сәт көшедегі бейнекамераға түсіп қалған. Күдіктілер дереу ұсталып, изоляторға қамалды.

Эльмира ШАУЛЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Оңтүстік-Шығыс ауданына қарай шығып, шамамен алты көлікті айдап кетпекші болған. Соңғы көлік, қала ортасына келген кезде, отырып қалған. Оны итерген әрекеттері бейнебақылау камерасына түсіп қалады. Қазірде бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Дәл сол түні, ел астанасында көлік қақтығысы да бейнебақылау камерасына түскен. Соқтығысқан сәтті пайдаланған куәгер, көліктің біріндегі телефонды қолды қылған. Аталмыш факт бойынша тәртіп сақшылары елорданың 29 жастағы тұрғынын да ұстады.

Б. Сатуов