Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Елбасы Алматыдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

AstanaTV
15.03.2021ж. 20:00
1538
Елбасы Алматыдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Алматыда апатқа ұшыраған АН-26 әскери ұшағынан қаза тапқандардың туыстарына, көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Тұңғыш Президентің ресми сайты хабар таратты. Жеделхатта Елбасы бұл хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізген.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Алматы қаласының әуежайында ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды күйзеліспен қабылдадым. Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, қаза тапқан әскерилердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін!


А. Данияр