Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында газ балоны жарылып 4 адам көз жұмды

AstanaTV
15.03.2021ж. 20:00
2736
Қызылорда облысы Қармақшы ауданында газ балоны жарылып 4 адам көз жұмды

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі жеке тұрғын үйде, бүгін тала тал түсте газ балоны жарылды. Арты алапат өртке ұласқан. Үйінді астынан бір отбасының 4 адамның мәйіті табылды. Олар анасы, баласы, келіні және қызы. Төтенше жағдай мамандарының мәліметінше, тағы бір адам бас миының жабық жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген. Ол 1950 жылы туған, көршісі болуы мүмкін деген дерек бар. Қазір оқиға орнына облыс орталығынан арнайы мамандар келген.

Нұрсұлтан ИБРАГИМОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АУА РАЙЫ ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ ММ БАСТЫҒЫ:


Тұрғын үйден 2001 жылы, 1981 жылы туылған, 2000 жылы, 1999 жылы туылған азаматтардың мәйіттері шығарылды, үйінділер астынан. Қызылорда қаласы орталығынан 4 қызметкер, өрт сынақ зертханасы мамандарымен бірге өрт оқиғасына жеткізілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығындары анықталуда.

А. Төребекқызы