Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Алматыда ұшақ апатынан зардап шеккен екі азаматтың жағдайы әлі де ауыр

AstanaTV
15.03.2021ж. 20:00
2172
Алматыда ұшақ апатынан зардап шеккен екі азаматтың жағдайы әлі де ауыр

Алматыда ұшақ апатынан зардап шеккен екі әскеридің жағдайы, әлі ауыр. Олар жеткізілген аурухана дәрігерлері, науқастарда ешқандай өзгеріс жоқ деп отыр. Нұр-Сұлтаннан Алматыны бетке алған, АН-26 ұшағы қала әуежайының ұшу-қону жолағына жетпей апатқа ұшырап, өртке оранған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, қайғылы оқиға себебін анықтауда. Толығырақ әріптесім Әсем Лесбектің репортажында.

Бұл әуе көлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тиесілі. Ол Алматы әуежайының маңындағы Қызылту ауылында құлады. Бірінші болып, әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген кадрлар жылдам тарады.  Видеоларда әскери ұшақтың бір бүйіріне жантая құлағанын байқауға болады.

Қайғылы жағдайды өз көзімен көрген куәгерлер апаттың дауысы қатты естілді деп отыр.  

Әсет, КУӘГЕР:
 
Кешкі уақыттарда. Қатты бомба жарылады ғой сол сияқты қатты шықты.

-Дауысы ма?

-Иә. Бірдеме жарылған сияқты.


Әуе апатынан борттағы 4 адам оқиға орнында жан тапсырған.  34 және 25 жастағы тағы екеуі қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Бірінің денесі 50 пайызға күйіп қалған, бас сүйектері зақымданған. Ал екіншісінің денесін 30 пайызға күйген. Оның да басы зақым алып, сол жақ жіліншігі мен қабырғасы сыныпты.

Руслан ТОҚЫШЕВ, АЛМАТЫ қ. № 4 КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ЖАРАҚАТ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
 
Ұшақ апатынан екі адам түсті. Екі науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайлары ауыр. Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін сақтау үшін бар күшін салуда. Бүкіл көмек көрсетілуде.

Әуе апатынан бақилық болғандардың есімдері анықталды. Олар 1984 жылы туған, майор Ғабит Барлықбаев. 1985-ші жылғы капитан Досжан Баймұратов. Сондай-ақ 27 жастағы аға лейтенант Мұхтар Сағымбаев пен 36 жастағы сержант Евгений Васильков. Алматы облысында марқұмдардан қоштасу қаралы жиыны өтті. Комитет өкілдері олардың жақындарымен психолог мамандарының жұмыс жасап жатқандығын айтты.  

Әсем ЛЕСБЕК, ТІЛШІ:

Ал, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше ұшақ экипажы тәжірбиелі, әрі кәсіби маман. Әскерилер оқу-жаттығу жұмыстарымен жолға шыққан деп отыр. Құзырлы органдар әзірге қайғылы оқиғаның орын алу себебін, айтқан жоқ. Комитет мамандары мән-жәйді анықтау мақсатында борттың «қара жәшігін» тексеріп жатыр.

Ә. Лесбек