Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Түрікстан облысында сенбіден бері электр жарығынсыз отырғандар бар

AstanaTV
15.03.2021ж. 20:00
1219
Түрікстан облысында сенбіден бері электр жарығынсыз отырғандар бар

Түркістан облысында демалыс күндері ауа-райының күрт өзгеруінен бірқатар елді-мекендер жарықсыз қалды.

Бұл - наурыздың 13-і күнгі болған көрініс. Көктайғақ жолда жүргендерді ғана емес, үйде отырғандарды да әбігерге салды. Электр сымдарына дейін көк мұзға оранып, оны көтере алмағандары үзіліп қалды. Жоғары кернеулі ток тартылған электр бағаналарына дейін, морт сынған. Толассыз жауған жауын-шашынның арты бұрқасын дауыл мен қарға ұласып, салдарынан 20 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды. Ал кеншілер шаһары Кентау тұрғындары екі тәуліктей жылусыз отырды. Электр қуатының болмауынан жылу қазандығының жұмысы тоқтап қалды. Өңірде шұғыл штаб құрылған.

Иса ЕЛЕУСІЗОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Түркістан облысы аумағында Бәйдібек, Ордабасы, Отырар аудандарында және Арыс, Кентау қалаларында жалпы 31 ауыл округікте 80 елді-мекенде 2 940 электр бағанасы құлаған. Қазіргі таңда 25 мың 263 абонентте электр жарығы жоқ.

А. Төребекқызы