$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Екі қызын трамвай қағып кеткен анаға көмек көрсетілетін болды

AstanaTV
08.09.2017ж. 20:00
2406
Екі қызын трамвай қағып кеткен анаға көмек көрсетілетін болды

Екі қызын тармвай қағып кеткен анаға көмек көрсетілетін болды. Облыстық білім басқармасының өкілдері мен мектеп директорлары бірігіп, жалғызбасты анаға бір күндік еңбекақыны аудару туралы шешім қабылдаған. Ведомство басшысы Бақыт Бексейітованың айтуынша, жиналған қаржыға олар пәтер сатып алып беруді жоспарлап отыр. Қоғам белсенділері жатақхана жалдап тұратын қайғы жұтқан анаға көмектесуге шақырған еді.

Еске салсақ, апалы-сіңілі қыздарды мектепке бара жатқан кезде травмвай қағып кетті. Балалардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер оның жағдайы тәуір болғанын айтты. Жол апатына жол берген жүргізуші әйел үш тәулікке қамауға алынды.