$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстанда тұмауға қарсы екпе тапшылығы туындауы мүмкін

AstanaTV
16.03.2021ж. 20:00
1849
Қазақстанда тұмауға қарсы екпе тапшылығы туындауы мүмкін

Елде тұмауға қарсы вакцина тапшылығы туындауы мүмкін. Оның алдын алу үшін тағы 12 миллионнан астам екпе алу жоспарланып отыр. Вакцина короновирустан бастап, түрлі жұқпалы аурулардың алдын алмақ. Мұндай ақпаратты Үкіметте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой келтірді. Ол жұқпалы аурулар саны күрт өсуі мүмкін екенін айтады. Ал, аймақтағы дәрігерлер болса, қауіп жоқ деп отыр.

Вакцина тапшылығы жоқ! Медицина мамандары сақадай сай. Аймақтағы ақ халаттылар ешқандай қауіптің жоқ екенін сенімділікпен айтып отыр. Мәселен, Түркістан облысы ковидке қарсы 10 мыңнан астам вакцинаны небәрі 2 ай ішінде жеткізіп үлгерген. Тек жеткізіп ғана қоймай, екпені егіп те тастапты. Келесі партиясын күтіп отырғандарын айтады. Жергілікті денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, жыл басталғалы аймақта тұмау дерегі тіркелмеген.

Жамбылдағы ахуал да дәл осындай. Аймақта 6 мыңнан астам адамға екпе жасалған. Алайда, мамандар алдағы уақытта қанша вакцина жеткізілетінін нақты айтқан жоқ. Бәрі Денсаулық сақтау министрлігінің қаулысына байланысты жүзеге асырылатынын жеткізді.

Гүлфайруз МЫРЗАБЕКОВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС ИНФЕКЦИОНИСТ ДӘРІГЕРІ:


Бұл жұмыс әрі қарай жалғасады. Екпе жұмысы кезең-кезеңімен түскен вакцина көлеміне байланысты жүргізіледі.

Өңірдегі абзал жандар тапшылық қаншалықты жоқ дегенімен, министр олардың пікірімен келіспейді. Тіпті, қажеттілік артуынан қауіптенеді. Сондықтан жергілікті әкімдіктер екпеге көбірек қаражат бөлуін, ұсынды. Министр жаһандық ахуалды ескере келе, оның алдын алу жұмыстарын тездету қажет деп отыр.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Вакцинаның көлемін ай сайын көбейту керек. Аумақтағы әкімдер вакцинаны сақтау және тасымалдау шарттарын сақтауы тиіс. Қосымша екпе егу кабинеттерін көбейту қажет. Вакцинациялауды жүргізуді кеңейту үшін, алдын ала даярланған мамандармен қамтамасыз етуі керек.


Ел аумағында табиғи оба, туляремия, геморрагиялық қызба, сібір жарасы және басқа да инфекциялар бар. Осыны айтқан үкімет, алдағы эпидемиялық маусымға дайындықты күшейтуге күш салуды тапсырды.
Асқар Мамин, осы мәселені мониторингтік топтың қадағалауына жүктеді.  Премьер- министр бұл арқылы өңірлердегі, алғашқы көмекті күшейтіп, медицина қызметкерлерінің қырағылығын арттырамыз деп отыр.

Ғ. Өтемісов