Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Мектептерде карантин талаптарын бұзу жағдайлары анықталып жатыр, - А.Цой

AstanaTV
16.03.2021ж. 20:00
1652
Мектептерде карантин талаптарын бұзу жағдайлары анықталып жатыр, - А.Цой

Алматыда коронавирус жұқтырғандар көбейген. Бірақ Жандарбек Бекшин, карантин талаптарын күшейтуге асығар емес. Ол үшін күніне дертті жұқтырған 300 науқас тіркелуін күтіп отыр. Ел аумағындағы мектептерде де карантин талаптарын бұзылған. Бұл туралы елдің бас дәрігері Алексей Цой мәлім етті. Білім беру мекемелері оффлайн оқытуға дайын болмай шықты. Елдегі эпид. ахуалды әріптесім Асылбек Данияр жеткізеді.

Оңтүстік астанадағы жұқпалы ауруханаларға түсіп жатқан науқастар көп. Тәулік сайын 300-ге жуық адамнан коронавирус табылып жатыр. Тіпті, кейбір стационарлар толуға жақындап қалыпты.

Нариман ТАБЫНОВ, АЛМАТЫ қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Жәкенова атындағы жұқпалы аурулар ауруханасы үш ғимараттан тұратынын білеміз. Біріншісі Байзаковада, ал екіншісі РВ-90-да, үшіншісі - 280 төсектік модульді аурухана. Қазір осы ғимараттардың барлығында ковидті жұқтырған науқастар емделіп жатыр. Шамамен емдеу мекемелері 90%-ға толған.

Оқушылар арасында коронавирус инфекциясының тіркелуі азаяр емес. Оқу жылы басталғалы 10200-ден астам бала індетті жұқтырған. Оның 3 жарым мыңы кезекші сыныпта білім алады. Қазір күн сайын офлайн білім алушылар саны артып келеді. "Жасыл, сары" аймақтарда, оқушылардың мектепте оқуына рұқсат берілді. Бірақ министр, білім беру мекемелерінің арасында, оған дайын болмағандары бар екенін жеткізді.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Білім беру объектілерін оффлайн режимде оқытуға дайындау мақсатында карантин режимінің талаптарын сақтау тұрғысынан 3 266 тексеру жүргізілді, шара барысында 282 мектептен заң бұзушылықтар анықталды.

Денсаулық сақтау министрі өткен жылдың қазанынан бастап шетелден келген мыңнан аса адамнан COVID-19-дың анықталғанын айтты. Қазіргі таңда ақпан-наурыз айларында індет жұқтырған азаматтардың нәтижелері тексеріліп жатыр. Өйткені олар вирустың мутацияланған түріне шалдығуы мүмкін екен. Алексей Цой сондай-ақ кеселдің таралуы бойынша өз болжамын ұсынды.

Алексей ЦОЙ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Оптимистік сценарий бойынша сәуір айында тәулігіне 500-ге жуық жағдай тіркеледі деп күтілуде. Пессимистік сценарий бойынша аурудың тіркелуі тәулігіне 1700 жағдайға дейін жетуі мүмкін.

Ресми статистика бойынша коронавирусты, былтырдан бері 225 мыңнан астам қазақстандық жұқтырған. Оның 91 пайызы емделіп шығыпты. Бірақ министрліктің ұсынған мәліметіне көпшілік күмәнмен қарайды.

БЛИЦ:


- Қазір ауру жоқ. Сенбеймін мен өз басым коронавирус деген бәлеге.

- Көп кісілер ауырып жатыр ғой. Одан кейін сенуге тура келіп тұр. Басында сенген жоқпыз енді.

- То жоқ болып кетеді, то көбейіп кетеді түсініксіз просто. Менің ойымша көбейтіп отыр.


Ал, Нұр-Сұлтанда локдаун енгізілетін болды. 21 наурызда барлық сауда және сауда-ойын-сауық орталықтары жабылады. Қоғамдық көліктер жұмысы 1 күнге тоқтайды. Бұдан бөлек, 18 наурыздан бастап кинотеатрлар мен кинорумдар ахуал тұрақтағанша қызмет көрсетпейді.

А. Данияр