Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Кентау қаласында төртінші тәулік жылусыз отырғандар бар

AstanaTV
16.03.2021ж. 20:00
1836
Кентау қаласында төртінші тәулік жылусыз отырғандар бар

Түркістан облысындағы Кентау қаласында төрт күннен бері жылусыз отырғандар бар. Өткен демалыс күндері аймақта соққан қатты желден, жоғары кернеулі бағаналар құлап, елдімекен жарықсыз қалды. Осының салдарынан кеншілер шаһарындағы орталық жылу қазандығы жұмысын тоқтатқан болатын. Жексенбінің кешінде жарық қайта жалғанғанымен, көпқабатты үй тұрғындарының бірәзі әлі тас қабырғада отыр. Тіпті жылусыз дірдек қағып отырғандарына ашулы.

Жарық қосылғанмен, суыққа қатып қалған құбырлар, әр жерден жарыла бастаған. Қазір қаладағы көпқабатты 61 тұрғын үйде жылу жоқ. Кентауда орталықтандырылған жылуға қосылған жекелеген мыңға тарта түтін осындай қиындыққа тап болған.

Қалдыбай ЖАНЫСБАЕВ, КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұл жердегі халықтың біреуіне де ешкім ескерту берілмеген. Центральныйды жауып, ең болмаса мынадан сливать етіңдер деп ешқандай хабар берілмеді бізге. Сөйткенде бүкіл трассаны қатырған.

Айта кетейін, Кентауда 350-ге тарта көпқабатты тұрғын үй бар. Алдын ала болжам бойынша табиғи апаттан 65 млн теңгеге шығын келген.

Дәурен МАХАЖАНОВ, КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 
Бір мың трубаны бір кезде жөндеуге мүмкіндік жоқ. Бір мың адам табылмайды, бір мың бригада. Бізде өзімізде қазір облыстан да бөлініп жатыр, басқа мердігерлер тарапынан да сварщиктер, ол жерге тағы мамандар керек. Тек қана дәнекерлеушілер керек, басқа мамандар керек емес, сол себепті тапшы болып отыр.

А. Төребекқызы