Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Атырауда үй тонаушылар арнайы операциямен ұсталды

AstanaTV
16.03.2021ж. 20:00
1723
Атырауда үй тонаушылар арнайы операциямен ұсталды

Атырауда үй тонаушыларды, арнайы операциямен ұстады. Қарақшылар Құлсары қаласындағы бірнеше үйдегі бағалы заттарды үптеп кеткен деген күдік бар. Ұрыларды ұстау сәті, әлеуметтік желіге жарияланды. Полицейлер 26 және 27 жастағы Құлсары қаласының қос тұрғыны, 12 үйді тонағанын деп отыр. Айғақ ретінде бірнеше ноутбук, алтын бұйымдар тәркіленген. Тергеу барысында ұрылардың, бұл кәсіппен былтыр да айналысқаны анықталған. Қазір оңай жолмен ақша таппақ болған сұғанақтар, қамауда отыр. Оларға қатысты Қылмыстық Кодекстің «Ауыр санаттағы пәтер ұрлықтары» бабымен іс қозғалды.

Гүлнәзира МҰХТАРОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында пәтер ұрлық қылмысына қатысты күдікті 1995 және 1994 жылғы туған екі бірдей Құлсары қаласының тұрғындары анықталып ұсталып отыр. Қазір дерек бойынша қылмыстық кодекстің 188 бабының 3 тармағымен  сотқа едйінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Б. Надірқызы