Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Келіншегін өлтіріп денесін ауыл шетіне апарып тастаған

AstanaTV
17.03.2021ж. 20:00
1034
Келіншегін өлтіріп денесін ауыл шетіне апарып тастаған

Тобыл өңірінде тағы бір жантүршігерлік қылмыс ашылды. 36 жастағы облыс тұрғыны әйелін мойын орамалмен буындырып өлтіріп, денесін ауыл шетіндегі құдыққа тастаған. Жаға ұстатарлық жайтты полиция департаменті басшысы баяндап берді. Қанды оқиға, он күн бұрын болған. Тимофеев кентінің тұрғыны 21 жастағы әйелінің жоғалып кеткені жөнінде, полицияға арызданған. Тіпті өзі іздеу жұмыстарына да атсалысқан. Алайда ауыл тұрғындары мен полиция қызметкерлері із-түзсіз кеткен келіншекті таба алмады. Күйеуі қылмысын мойындаған соң, мәйіті 8-ші наурыз күні құдықтан алып шыққан. Осыдан соң күйеуі қамауға алынды. Ал жас отбасының екі жастағы сәбиі әзірге туыстарының үйінде.

Бекет АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында анықталғаны  ерлі-зайыпты жанжалдасып, жас келіншек ажыраспақ болған. Күйеуі оны мойын орамалымен қылқындырып, денесін ауыл шетіне апарып тастаған. Ал анасына киім-кешегін алып төркініне кетіп қалды деген.

З. Санай