$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы орташа есеппен алғанда ЕАЭО елдерінен жоғары

AstanaTV
08.09.2017ж. 20:00
2734
Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы орташа есеппен алғанда ЕАЭО елдерінен жоғары

Қазақстанда орташа есеппен алғанда дәрі-дәрмек бағасы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі аналогтарынан әлде қайда жоғары. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің маманы Арнұр Нұртаев мәлімдеді. Сондықтан жақында дәрі-дәрмек бағасын реттеу туралы заң жобасы үкіметке ұсынылмақ. Заң қолдау тапса, дәріханаларда бағаны реттеп отыру үшін ведомство өкілдері дәріні өндірушіден бастап, әр барар нүктеге жеткенге дейінгі бағасын тіркеп отырмақ.

Арнұр Нұртаев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің маманы:

Дәрінің өз тіркелген бағасы бақылауда болады. Онда әр өндірушінің жеткізіп берудегі шығыны есептелген бағаға қосымшасы да көрсетіледі. Бұл дегеніңіз кедендік, логистика және сапа қауіпсіздігінің қосымша бағасы бірге есептеледі деген сөз.

Ал, бірыңғай дистрибьютер СҚ-Фармацияға қарасты қосымша 7 пайыздық баға үстемдігі қалай есептелетінін мемлекеттік мекеме әзірге нақтылап айтқан жоқ. Бір қызығы, препарат бағасы өзгеруі мүмкін деген желеумен белгілі бір уақытқа тіркеледі. Алайда, денсаулық сақтауды дамыту орталығының басшысы Айнұр Айыпханованың сөзінше, басқа мемлекеттерде дәрі-дәрмек бағасының тіркелуі көп жылға жалғасады екен. Және онда мемлекет дәрі-дәрмекке қарапайым халықтан гөрі ақшаны көбірек жұмсайтын көрінеді. 

Айнұр Айыпханова, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры:

Сандарға, статистикаға жүгінсек, Еуропаның дамыған елдері арасында үкімет өз тарапынан экономикасының ақшасының 0,8 пайызын ғана жұмсайды, ал халық - тек 0,6 пайыз. Ал бізде, керсінше, халық 0,5 пайыз жұмсайды, ал үкімет - 0,2.